Accessibility links

Назарбаев Әбіқаевты ҰҚК-нің басшысы етіп тағайындады


Қазақстан президентінің қаулысымен Нұртай Әбіқаев ҰҚК-нің басшысы қызметіне бекітілді. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Мемлекет басшысының тапсыруымен президент әкімшілігінің жетекшісі Аслан Мусин ҰҚК ұжымына жаңа басшыны таныстырған.

«Сіздер барлығыңыз оны білесіздер, бірге ұзақ жұмыс жасадыңыздар. Ел президенті Назарбаев ұсынған барлық қызметтерде Нұртай Әбіқаев жоғары сенімді ақтады. Мемлекет басшысы Әбіқаевтың осы қызметте те оның сенімін ақтап, ҰҚК алдындағы барлық міндеттерді орындайды деп сенеді» делінген Ақорда таратқан мәлімдемеде.

Мусин сондай-ақ ҰҚК-ін басқарған Әділ Шаяхметовке президенттің алғысын жеткізген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG