Accessibility links

Клинтон Украинаны тәуелсіздік күнімен құттықтады


Украинада бүгін - тәуелсіздік күні. Украина 19 жыл бұрын, 1991 жылы 24 тамызда өзін тәуелсіз және демократиялық мемлекет деп жариялаған.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Украинаны тәуелсіздік күнімен құттықтап, жалпы демократиялық құндылықтардың украин халқына да, америкалықтарға да ортақ екенін айтты.

Ол Украинадағы демократиялық институттарды қорғау мен нығайтуға, тұрақты да дамыған елдің негізі болар азаматтық қоғамды дамытуға АҚШ-тың көмектесе беретінін атап өтті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG