Accessibility links

Түрмедегі Ермек Нарымбаев аштық жариялады


Алматы облыстық тергеу изоляторында отырған «Арман» қозғалысының жетекшісі Ермек Нарымбаев тамыздың 20-сынан бері аштық жариялап жатыр деп хабарлайды Азаттыққа оның әйелі Зоя Нарымбаева. Оның айтуынша, тамыздың 23-інен бастап Нарымбаев карцерге жатқызылған.

Нарымбаев апелляциялық шағым мерзімін қайта қалпына келтіру, өзіне қатысты іс материалдарды оның ішінде өзінің кінәсіз екендігін дәлелдейтін бейнематериалдарды беруін талап етіп отыр.

Нарымбаевтың аштық акциясын облыстық тергеу изоляторының басшылығы растады.

Биылғы мамырдың 1-інде Алматыда «Назарбаев, кет!» деп ұрандаған Нарымбаев 26 маусымда «сотқа құрмет көрсетпеді» және «полицейлерге қарсыласып күш көрсетті» деген айыптар негізінде төрт жылға бас бостандығынан айырылған.

Тамыздың 11-і күні Ермек Нарымбаевтың аппеляциялық шағымын қараған Алматы қалалық соты алғашқы инстанцияның шешімін өзгеріссіз қалдырды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG