Accessibility links

Гонконг Манилада кепілге алынған азаматтарының өліміне ашулы


Гонконг үкіметі Манилаға қыдырып барған өз азаматтары кепілге алынып, олардың сегізі қаза тапқан соң, гонконгтық тұрғындарға Филиппинге бармауды ескертті.

Қытай бұл елдегі адам шығынына әкелген оқиға өздерін шошытқанын айта келе, Манила күштерінің дағдарысты шешу жолын сынады.

Филиппин президенті Бенигно Акуино бұл істі толық тергеуге уәде берді. Дүйсенбі күні Манилада бұрынғы полиция қызметкері Гонконгтық туристер мінген автобусты бір күн бойы ұстаған соң, полиция кепілге алушыны атып өлтірген. Бірақ оған дейін сегіз турист қаза тауып, тағы жетеуі жараланды. Кепілге алушы өзін қауіпсіздік күштерінен жұмыстан шығарғанына ашулы болған.
XS
SM
MD
LG