Accessibility links

Сомалиде қарулы топ қонақ үйді басып алып 15 кісі қаза болды


Сомали әскерилерінің хабарлауынша, исламшыл содырлар деп күдіктелген қарулы топ ел астанасы Могадишодағы үкімет өкілдері тоқтайтын қонақ үйді басып алғанда 15 адам оққа ұшты. Африка одағы бітімгершілік күштерінің өкілі құрбан болғандар арасында бірнеше депутат бар екенін айтты.

Бұл шабуыл әсіре діншіл әл-Шахааб исламшыл тобы мен үкіметтік күштер арасында болған қақтығыстан екі күн өткенде болып отыр. Ол қақтығыста 30 бейбіт тұрғын қаза болып, 100 шақты кісі жараланған.

Сомалиде 1991 жылдан бері тұрақты үкімет болмай келеді. Әл-Қаида тобымен байланысы бар екенін мәлімдеген әл-Шахааб тобы 6 мыңдай Африка одағының бітімгершілік күші бар батысшыл үкіметті құлатуға бел буып келеді. Бұл топ Уганда астанасында 70 адамның өмірін қиған екі шабуылға жауапкершілікті алған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG