Accessibility links

Ирақтағы АҚШ әскерінің саны - 50 мыңдай


АҚШ әскері мәлімдегендей, Ирақтағы АҚШ сарбазының саны 50 мыңнан аз. Бұл туралы әскерилердің бүгін жарияланған мәлімдемесінде айтылды. Бірақ Ирақта қазір нақты қанша АҚШ әскері бар дегенге жауап берілмеген.

2009 жылы билікке келген АҚШ президенті Барак Обама АҚШ-тың Ирақтағы операцияларын осы жылдың тамыз айының соңына дейін тоқтатуға сөз берген.

АҚШ-тың соғысушы отрядтары Ирақтан өткен аптада шыққан еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG