Accessibility links

Қазақстанның оңтүстігінде 40-қа жуық хирург қызметінен шеттетілді


Оңтүстік Қазақстан облысында қырыққа жуық хирург операция жасаудан шеттетілді. Арнайы жүргізілген тексеру олардың гепатит ауруына шалдыққанын анықтады деп хабарлайды "Жетінші арна" телеарнасы.

Облыстық санитарлық эпидемиялогиялық қадағалау басқармасының жоспарлы тексеруі кезінде облыста 16 хирургтың сарыаурумен ауырғандығы белгілі болған. Ал қосымша тексерудің нәтижесінде науқас дәрігерлердің саны 37-ге жеткен.

Облыстық санэпидқадағалау басқармасы бастығының орынбасары Жұмағұл Медетовтың сөзінше, жұмыстан шеттетілген хирургтар қазір сол мекемелердегі қабылдау бөлмесіне немесе кеңес беру сынды өзге қызметтерге көшірілген.

Сарыауруға шалдыққан хируругтер жұқпалы дерт ауруханасында қосымша тексеруден өтіп жатыр. Өйткені олар ауру тасымалдаушы болуы да мүмкін деген болжам бар.
XS
SM
MD
LG