Accessibility links

Жовтиске Хельсинки комитетінің сыйлығы табыс етіледі


Өскемендегі 56/13 қоныстану колониясында жазасын өтеп жатқан құқыққорғаушы Евгений Жовтис халықаралық Хельсинки комитетінің сыйлығына лайық деп танылды деп хабарлайда "Время" басылымы.

Комитеттің Орта Азия бойынша үйлестірушісі Ленне Веттеландтың сөзінше, Норвегиядағы Хельсинки комитеті Жовтисті тек Қазақстан ғана емес, Орта Азия елдеріндегі адам құқығын сақтаудағы қызметі үшін марапаттауды жөн деп тапқан.

Тамыздың 26-сы күні Ленне Веттеланд Қазақстандағы адам құқығын қорғау бюросы директорының қызметін атқарушысы Роза Ақылбековамен бірге Евгений Жовтиске сыйлықты табыс ету үшін Өскеменге барады.

AzattyqTV

Ресей мен Беларусь

Жұрт неге наразы?

XS
SM
MD
LG