Accessibility links

Қазақстанда 200 мың фермер банкрот болуы мүмкін


Биыл жаздағы аптап ыстықтың кесірінен елдегі фермерлердің 20 пайызы, яғни 207 мың фермер банкротқа ұшыруы мүмкін дейді Азаттыққа Қазақстан фермерлер одағының президенті Әуезхан Даринов.

Негізгі себеп – несие берушінің қарызы. Фермерлердің қарыздарын қайтаратын мерзімдері жақындады, бірақ астық шықпай қалғандықтан ақшалары жоқ.

Дариновтың айтуынша, қазір жерінен тек 1-2 центнер өнім алып жатқан фермерлер де бар. Егін мүлде шықпай қалды деуге болады. Келесі жылға керек тұқымдарын да ала алмады.

Оның сөзінше, үкімет тарапынан көп көмек керек. Әсіресе Батыс Қазақстан фермерлері қатты қиналып жатыр. Ақмола мен Қостанайда да жағдай қиын.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG