Accessibility links

Таиланд: ресейлік қару саудагерінің экстрадициясы кейінге қалды


Таиланд премьер-министрі Абхисит Ветчачива ресейлік қару саудагері Виктор Бутты АҚШ-қа экстрадициялау кейінге қалдырылды деді.

Ветчачива Буттың экстрадициясының шегерілуін оның сот ісіндегі процестер әлі жалғасып жатқанымен түсіндірген. Оның алдында Таиланд билігі сәрсенбі күні АҚШ-та терроризм айыптары бойынша іздеуде жүрген Виктор Бутты Америкаға жөнелту үшін түрмеден Бангкок әуежайына апарылатынын айтқан.

Өзінің кінәсі жоқ екенін айтқан Буттың АҚШ-қа берілуіне Ресей үкіметі қарсылық танытқан мәлімдеме жасап, оны елге қайтару жолдарын қарастыратындарын айтқан.
XS
SM
MD
LG