Accessibility links

Саламатов: Қостанай облысында ешқандай оқу-жаттығу болған жоқ


Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Есқали Саламатов, Азаттық радиосына Қостанай облысында ешқандай оқу-жаттығу болмағанын айтады. Ал облысқа әскерилердің жиналу себебін конституция күніне орай өткізіліп жатқан дайындық шарасы деп түсіндірді.

Алайда қылмыстық-атқару жүйесі комитеті баспасөз қызметі жетекшісі Ғалымжан Хасенов Азаттыққа берген сұхбатында оқу-жаттығудың өткенін растады. Оның айтуынша, бұл-жыл сайын жоспарлы түрде өткізілетін оқу-жаттығулардың бірі.

Интернет агенттік беттерінде 25 тамыз күні Қостанай облысындағы қоныстану-колониясының бірінде бүлік шыға қалған жағдайда оның алдын алуға арналған әдістемелік оқу-жаттығу өткені туралы мәлімет тарады.

Арнайы әдістемелік оқу-жаттығуға қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мен ішкі істер министрлігінің 300 қызметкері, техникалары қатысты.
XS
SM
MD
LG