Accessibility links

Хорватия Джинжичтің өліміне қатысты деген күдіктіні Сербияға берді


Бүгін Хорватия қастандықпен өлтірілген Сербияның премьер-министрі Зоран Джинджичтің өліміне жауапты күдіктіні Белградқа экстрадициялады.

Сретко Калинич сәрсенбі күні таңертең күшейтілген қауіпсіздік шараларымен Загребтен Белградқа жөнелтілді. Сербия соты Калиничті Джинджичтің өліміне жауапты ретінде 2007 жылы сырттай соттап, 30 жыл түрме жазасын берген.

Бұдан басқа сот процесінде Калинич ықпалды қылмыстық топқа жетекшілік етті деген айыппен 40 жылға сотталған.

2003 жылы Белградта Зоран Джинджич атып өлтірілгеннен бері қашып жүрген Калинич маусым айында Хорватияда ұсталған.
XS
SM
MD
LG