Accessibility links

Германия сыртқы істер министрі Балқанға сапарын бастады


Германия сыртқы істер министрі Гюдо Вестервелле сәрсенбі күні Батыс Балқан елдеріне сапарын бастады. Ол алдымен Хорватияға барып, бейсенбі күндері Босния, Сербияға аялдаса, жұма күні Косовоға ат басын тірейді.

Балқан елдерінде Вестервелле билік жетекшілерімен кездесіп, үкіметтік емес ұйым топтармен жүздеседі. Ол сондай-ақ Косоводағы НАТО бастаған күштер құрамындағы германиялық жасақтарға барады.

Германия үкіметі таратқан хабарламада, сыртқы істер министрі Вестервелле күллі Еуропа үшін Балқан елдерінің тұрақтылығы мен қауіпсіздігі маңызды екеніне басымдық беріп, Сербияны Косовомен ашық келіссөздер өткізуге көндірмекші. Косово 2008 жылы Сербиядан тәуелсіздік жариялаған болатын.
XS
SM
MD
LG