Accessibility links

Пхеньян: Джимми Картер Солтүстік Кореяға жетті


Солтүстік кореялық ақпарат құралдарының жазуынша, АҚШ-тың бұрынғы президенті Джимми Картер Пхеньянға жетті. Оны әуежайдан Солтүстік Кореяның ядролық мәмілегері Ким Ки Гуан күтіп алған.

Осының алдында АҚШ-тың ресми өкілі Картер Солтүстік Кореяда қамауда отырған АҚШ азаматы Айджалон Махли Гоместі бостандыққа шығаруға үміт артып бара жатқанын айтқан.

Гомес сәуір айында Солтүстік Кореяға заңсыз кірді деген айыппен 8 жылға еңбекпен түзеу колониясына жабылған. Солтүстік кореялық ақпарат агенттіктері қамаудағы Айджалон Махли Гомес шарасыздықтан өзін өзі өлтіруге әрекет жасады деп жазған.
XS
SM
MD
LG