Accessibility links

Алматыда діни ұйымға қатысты сотқа барған бір топ журналисті полиция ұстап алып кетті


Бүгін, тамыздың 26-сы күні таңертең Алмалы аудандық сотында Қазақстандағы сопылық ағымның жетекшісі Исматулла Мақсұмға байланысты басталуы тиіс сот процесіне барған бір топ журналисті полиция ұстап алып кетті. Ұсталғандардың арасында "Алаш айнасы", "Үш қиян", "Орда KZ" ақпарат құралдарының және Азаттық радиосының тілшілері бар. Қазір олар Алмалы аудандық полиция басқармасында отыр.

Тілшіміздің хабарлауынша, журналистер бүгінгі сотқа қатысуы үшін судьядан рұқсат алуға, Алмалы аудандық сотына келген кезде оларды полиция өкілдері ұстап алып кеткен.

"Бізге ешқандай мән-жайды түсіндірместен рапорт толтырып жатыр. Бізді алып келген полиция өкілдері мәселенің барлығын басшылыққа сілтеп отыр", - деді Азаттық тілшісі полиция басқармасынан телефон арқылы.
XS
SM
MD
LG