Accessibility links

Ерболат Ерімбет: Қазақстанда рақымшылық жасалмайды


Қазақстанда Конституцияның 15 жылдығына қатысты рақымшылық болмайды, бұл туралы бүгін Әділет министрлігінің ресми өкілі Ерболат Ерімбет мәлімдеді.

2010 жылдың басында Әділет министрі Рәшид Түсіпбаев, елде биыл амнистияның қажет екендігін айтқан еді. Оның сөзінше, рақымшылық, сотталғандарға бюджеттен жұмсалатын қаржыны қысқартуға, түзету мекемелеріндегі адам санының өсуіне қатысты мәселелерді шешуге септігін тигізеді.

Министрдің сөзінше, Қазақстанда соңғы жылдары түрмеге түскендер саны артып отыр. 2010 жылдың 1-ші қаңдарындағы мәлімет бойынша елдегі түзету мекемелерінде 63445 мың адам отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда бес мыңға көп.
XS
SM
MD
LG