Accessibility links

Алматыда ұсталған Азаттық тілшісі босатылды


Алматыда ұсталған бір топ журналист түскі сағат 12-інің шамасында босатылды. Азаттық радиосы, «Алаш айнасы», «Үш қиян», «Орда KZ» және "Дорожный патруль" ақпарат құралдарының тілшілері Алмалы аудандық полиция бөлімшесінде үш сағатқа жуық уақыт отырды.

Журналистердің не үшін ұсталып, қандай айып тағылғандығы жайлы полициядағылар ешқандай түсініктеме берген жоқ.

«Заттарымызды тексеріп, тінту жүргізді. Оған қоса саусақ таңбасын алып, суретке түсірді», - деді Азаттық тілшісі полиция басқармасынан телефон арқылы.

Бейсенбі күні таңертең Алмалы аудандық сотында, өзін Йассауия дәстүрлі дін жолының жандандырушы ретінде танытып жүрген Исматулла есімді тұлғаға байланысты басталуы тиіс сот процесіне барған бір топ журналисті полиция ұстап алып кетті.

Тілшіміздің хабарлауынша, журналистер бүгінгі сотқа қатысуы үшін судьядан рұқсат алуға, Алмалы аудандық сотына келген кезде оларды полиция өкілдері ұстап алып кеткен.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG