Accessibility links

Чили: 33 кеншіні құтқаруға бірнеше ай керек


Чилиде құтқарушылар жер астында қамалып отырған 33 кеншіге оларды құтқаруға бірнеше ай уақыт керек болатынын хабарлады.

Чилидің денсаулық сақтау министрі Хайме Маналичтің сөзіне қарағанда, кеншілер бұл хабарды «сабырлықпен» қабылдады.

33 кенші терең жер астындағы алтын кенішінде 5 тамыз күні болған апаттың салдарынан жер астында қамалып қалды. Олар арнайы үңгірді паналап отыр.

Таяуда олармен байланыс орнатылып, тар өткел арқылы оларға жоғарыдан дәрі-дәрмек пен азық-түлік жібере бастады. Ал оларды құтқару шарасы жылдың соңына дейін жалғасуы ықтимал.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG