Accessibility links

Мексикаға «Фрэнк» дауылы төніп тұр


Мексиканың батыс жағалауына жеткен «Фрэнк» толқыны сәрсенбі күні дүлей дауылға айналды. Оның кіндігіндегі желдің жылдамдығы сағатына 120 шақырымнан асады.

Одан бұрын «Фрэнк» толқыны Мексиканың оңтүстігіндегі Оахака штатының жағалауына нөсер жаңбыр әкелді. Бұл штаттағы су тасқыны мен лай көшкінінен 4 адам қаза тапты.

«Фрэнк» - биылғы жазда Тынық мұхиттың үстінде пайда болған үшінші дауыл болып отыр.

AzattyqTV

27 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG