Accessibility links

Ресми Париж Иран әйелінің тағдырына араша түсті


Франция президенті Николя Саркози Иран әйелі Сакине Мохаммади-Аштианиді қорғау науқанына қосылды. Ол әйел өз ерінің көзіне шөп салғаны үшін таспен атқылау арқылы өлім жазасына кесілген болатын.

Саркозидің айтуынша, ресми Париж 43 жастағы әйелдің тағдыры үшін өзін жауапты сезінеді. Өйткені, оның тағдыры Иранда өлім жазасы, оның ішінде орта ғасырлық салт бойынша өлім жазасы қаншалықты жиі шығарылатынын көрсетіп берді.

Саркозиден бұрын Иран әйелінің тағдырына Францияның экс-президенттері Жак Ширак пен Валери Жискар д’Эстен, Саркозидің әйелі – Карла Бруни араша түскен болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG