Accessibility links

Қытай АҚШ-ты Тайванға қару сатпауға шақырды


Қытай үкіметі АҚШ-ты Тайванға радар жабдығын сату жоспарынан бас тартуға шақырды. Қытай сыртқы істер министрлігінің өкілі АҚШ-тың мұндай әрекеті Бейжің мен Вашингтонның қарым-қатынасына зиян тигізуі мүмкін деп мәлімдеді.


Ресми Бейжің Тайванды өзінің территориясы деп санап, оған қару-жарақ сатуға түбегейлі қарсы.


Осы жылдың басында Вашингтон Тайванмен әскери салада ынтымақтасатынын жариялаған соң, Қытай АҚШ-пен әскери саладағы байланысын уақытша доғарды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG