Accessibility links

«Әл-Қаида» тобы Йемен үкіметін қорқытпақ болды


«Әл-Қаида» ұйымының көсемі Усама бин Ладиннің бұрынғы оққағары Йемен араб елінің қауіпсіздік күштеріне қарсы соғыс қимылдарын күшейтемін деп қорқытады.

Нассир Ахмад әл-Бахри мәлімдегендей, билік басында қалу үшін Йемен үкіметіне сырттан көмек керек болады.

Әл-Бахридің сөзіне қарағанда, Йеменнің оңтүстігіндегі «Әл-Қаида» жасақтарының соңғы шабуылдары оның күшінің арта түскенін аңғартады.

АҚШ-тың Орталық барлау басқармасы енді «Әл-Қаиданың» Йемендегі бөлімін аймақтық бөлімдерінің ішіндегі ең қуаттысы санайды. Ал оның көсемдері, деп есептейді барлау басқармасы, Пәкістанда бас сауғалап жүр.

АҚШ Йемен үкіметінің «Әл-Қаидаға» қарсы күресіне көмекке ондаған миллион доллар қаржы жұмсап үлгерді.
XS
SM
MD
LG