Accessibility links

Пәкістанның оңтүстігінен 1 миллион адам көшірілді


Бүгін Пәкістанның оңтүстігіндегі Синд өлкесінің Тхатта қаласына су тасқыны қатерінің төнуі салдарынан оның 300 мың тұрғынын көшіру басталды.

Инд өзенінің суы тасып, Тхатта қаласын қорғап тұрған тоғанды бұзып өтті. Жергілікті биліктің хабарлауынша, қала тұрғындарының 70 пайызы баспаналарынан қауіпсіз жерге көшірілді.

БҰҰ-ның мәліметі бойынша, 25 тамыздан бері Пәкістанның оңтүстігінен 1 миллионға жуық адам көшірілді.

Өткен бейсенбі күні осы өлкедегі 3 қаланың 400 мың тұрғыны көшірілген болатын.

Ұзаққа созылған жойқын су тасқыны салдарынан Пәкістанда шамамен 1.600 адам қаза болып, миллиондаған халық аш-жалаңаш қалды, эпидемияның пайда болу қатері ұлғая түсті.

Жалпы табиғи апаттың салдарынан Пәкістанның 17 миллионнан астам тұрғыны, оның ішінде Синд өлкесінің 4 миллион халқы зардап көріп отыр.
XS
SM
MD
LG