Accessibility links

Баку Ереванға қарсы қарулы күштерін нығайта түседі


Әзірбайжанның қорғаныс министрлігі «Таулы Қарабақ төңірегіндегі жанжал асқынатын болса, онда Ресей Арменияны қолдауы мүмкін» деген армян үкіметінің мәлімдемесіне жауап берді, деп хабарлады Азаттық радиосының Әзірбайжан редакциясы.

25 тамыз күні Армения қорғаныс министрі Сейран Оганян Азаттық радиосына берген сұхбатында, Ресей мен Армения арасындағы әскери ынтымақтастық туралы жаңа келісімнің арқасында, Әзірбайжанмен арада жаңа жанжал шыға қалса, Мәскеудің Ереванды қолдайтынына өзінің еш күмәні жоқтығын мәлімдеген болатын.

26 тамыз күні Әзірбайжанның қорғаныс министрі Эльдар Сабироглу армян жағының пікірін теріске шығарып: Таулы Қарабақ жерін Армения заңсыз басып алды, армян сепаратистерін қайткен күнде де қуып шығу керек деп мәлімдеді.

Оған қоса Сабироглу Ресей мен Армения арасындағы келісім-шарт – екі елдің ісі, бірақ та Әзірбайжанның өз қарулы күштерін нығайтудан басқа амалы жоқ дегенді мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG