Accessibility links

Amnesty ұйымы этникалық өзбектің қамалғанына алаңдап отыр


Адам құқығын қорғаушы Amnesty International ұйымы Қырғызстандағы құқық қорғаушы белсенді Азимхан Асқаровтың қамалуына байланысты алаңдаушылық танытты.

Ұйымның мәлімдеуінше, Асқаров маусымның 15-де этникалық араздық тудырды және жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деген күдікпен Базар Қорған қаласында ұсталған. Этникалық өзбек Асқаровқа тамыздың 13-де кепілдікке алуға атсалысты, қару-жарақ, экстремистік әдебиеттер жинады, ұлтараздық тудырды деген айыптар тағылған.

Амнести Интернэшнл ұйымының айтуынша, Асқаров Қырғызстанның оңтүстігіндегі маусым қақтығысында әскери киінген адамдардың Базар Қорған қалашығындағы өзбектер ауданына өрт қойған шабуылдарын суретке, видеоға түсіріп алған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG