Accessibility links

Грузияда көмір шахтасындағы жарылыстан 3 адам қаза тапты


Грузияның ақпарат агенттіктері хабарлап жатқандай, елдің батысындағы Миндели көмір шахтасында жарылыс болып, үш кеншінің өмірін әкетті.

Новости Грузия агенттігі апатқа метан газының жарылуы себеп болуы мүмкін деді. Жарылыстан ауыр жараланған тағы жеті адам жергілікті ауруханаға жеткізілген.

Көмір шахтасындағы осындай жарылыстан наурыз айында 4 кенші қаза тапқан еді.
XS
SM
MD
LG