Accessibility links

Обама Ирақтан АҚШ күштерін шығаруды қоштап сөйледі


АҚШ президенті Барак Обама өзінің апталық жолдауында Вашингтонның Ирақтағы соғысушы күштерді қайтаруы - Ирақ соғысын аяқтаудағы ең маңызды қадам деп айтты. Ол сондай-ақ егеменді, тәуелсіз ел ретінде Ирақ өз бағытын таңдай алады деді.

Келесі жылдың соңында барлық жасақтар үйлерінде болады деп айтты АҚШ президенті. Оның бұл сөзі АҚШ әскерінің Ирақтағы операциясы тамыздың 31-де аяқталайын деп отырғанда айтылды.

Ирақта қалатын америкалық күштер саны 50 мыңнан төмен болады. Олар 2011 жылдың соңына дейін жергілікті күштерге кеңес беру, жаттықтыру миссиясын атқарады.
XS
SM
MD
LG