Accessibility links

НАТО: Одақтас күштерге қарсы шабуылда 21 бүлікші қаза тапты


НАТО әскерилерінің хабарлауынша, Ауғанстанның шығысындағы екі базаға қарсы шабуыл бастаған бүлікшілердің кемінде 21 оққа ұшқан. Одақтас күштер тағы бес бүлікшіні қолға түсіргендерін айтып, қақтығыста ешбір әскері мерт болған жоқ, тек 4 сарбаз жараланды деп хабарлады.

Хост провинциясының полиция басшысы Абдул Хаким Ишақзай екі бірдей шабуыл кезінде 14 бүлікші өлтірілгенін айтты:

"Біз жауларымыздың 14-інің мәйітін таптық, олардың бесеуі тірідей қолға түсті. Тағы Мазда автокөлігі мен қару-жарақтар тәркіленді".

Сенбі күні таңертең Хост провинциясындағы базаға болған шабуылға жауапкершілікті бірден талибандар алды. Талибан өкілі Забиулла Муджахед бұл шабуылдан 18 шетелдік әскер қаза тапты деп айтты.
XS
SM
MD
LG