Accessibility links

АҚШ-та Кэтрин дауылы болғанына 5 жыл толды


Жексенбі күні АҚШ Нью-Орлеанд жағалауларын қиратып кеткен Кэтрин дауылына бес жыл толғанын атап өтуде. Дауылда құрбан болғандарды еске алу шараларына АҚШ президенті Барак Обама қатысады.

2005 жылы Кэтрин дауылы шамамен 2 мыңдай адамның өмірін әкетіп, бір миллион адам баспанасыз қалған.

Бес жыл бұрынғы дауыл салдарларын қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатқанда, Бритиш Петролеум компаниясының Мексика шығанағындағы ұңғымасында апат болып, орасан көп төгілген мұнай аймаққа үлкен зардабын тигізді.
XS
SM
MD
LG