Accessibility links

Карзай үкімет өкілдеріне ақша төленген деген ақпаратты сынады


Ауғанстан президенті Хамид Карзай кеңсесі АҚШ-тың ақпарат құралдары жазып жатқан, "ауғандық үкімет өкілдері Американың Орталық барлау агенттігінен ақша алып тұрған" деген хабарларды айыптады.

Осының алдында "The New York Times" пен "Washington Post" басылымдары Орталық барлау агенттігі өздеріне қажетті мәліметті алып отыру үшін Кабулдағы ресми өкілдерге ақша беріп отырған деп жазған.

Карзай үкіметінің мәлімдемесінде “біз елдің сеніміне күдік келтіретін мұндай жауапсыз айыптауларды қатты сынаймыз” делінген. Ауған үкіметінің өкілдері ақша алды деген ақпаратты мүлде жоққа шығармаған бұл мәлімдемеде, сондай-ақ Ауғанстан осындай сөздер терроризмге қарсы бірігуді күшейтпей, елді заң мен тәртіп негізінде бекемдеудің орнына кейбір аймаққа кері салдарын тигізеді деген ойын да айтқан.
XS
SM
MD
LG