Accessibility links

Иран елдің жүйесін бұзып отыр деп Oriflame фирмасын сынады


Иранның барлау министрі Хейдар Мослехи швециялық Oriflame косметикалық фирмасын елдің қауіпсіздігіне нұқсан келтіріп отыр деп айыптады.

Иранның мемлекеттік арнасының вебсайтында Мослехи “Орифлэйм Иран жүйесіне қарсы жұмыс жасап жатыр. Бұл компанияның экономикалық негізі жоқ” деген.

Оның айтуынша, барлау қызметтері бұл компания арқылы елдің қауіпсіздігіне проблема жасамақ болған. Бірақ ол қандай барлау қызметтері екенін атап айтпады.

Осы айдың басында Иран билігі Орифлэйм фирмасының Теһрандағы кеңсесін жауып тастап, оның 5 қызметкерін қамауға алған.
XS
SM
MD
LG