Accessibility links

61 жыл бұрын Семей полигонында алғашқы ядролық сынақ жасалды


Бүгін Совет Одағының Қазақстан жеріндегі бірінші атом бомбасы сынағына 61 жыл толып отыр. Совет Одағы 1949 жылдың 29 тамызында жергілікті уақытпен сағат таңғы 7-де Семей өңірінде 22 тонналық алғашқы ядролық сынағын жүзеге асырды.

40 жылға созылған осындай сынақтар барысында 470 ядролық жарылыс жасалды. Оның 118-і жер үстінде, 352-сі жер астында өткізілді. Ядролық жарылыстармен бірге Семей полигонында химиялық жарылғыш заттарды қолдану арқылы 175 жарылыс болды.
Семей полигонындағы ең соңғы ядролық жарылыс 1989 жылдың 19 қазанында жасалды.

Қазақстан жеріндегі жүздеген жарылысқа ұласқан бұл сынақтардың салдары аймақта тұратын адамдарға үлкен қасірет әкелді. Совет билігі полигон аймағындағы халықты басқа жаққа көшірмеген. Мыңдаған адам қатерлі ісік, жүйке ауруына шалдығып, көптеген сәбилер дүниеге мүгедек болып келген.
XS
SM
MD
LG