Accessibility links

Ауғанстанда 6 АҚШ әскері мерт болды


Ауғанстандағы бүлікшілер шабуылынан америкалық алты сарбаз қаза тапты. НАТО күштерінің хабарлауынша, ол әскерлер Ауғанстанның оңтүстігі мен шығысында сенбі-жексенбі күндері жасалған шабуылдардан мерт болды.

НАТО әскерилері осы оқиғадан бұрын Ауғанстанның шығысындағы екі базаға шабуылдаған 21 бүлікшіні атып өлтіргендерін айтқан.

Ал ауған үкіметінің өкілдері сенбі күні Херат провинциясында қыркүйек айында қтуі тиіс парламенттік сайлауға қатысатын үміткердің оққа ұшқанын мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG