Accessibility links

Пәкістан күштері Тхаттаны су тасқынынан сақтап қалуға тырысуда


Пәкістандық жасақтар мен жұмысшылар жексенбі күні елдің оңтүстігіндегі Тхатта қаласының шетіне бөгесіндер орнатып, қаланы су тасқыны апатынын сақтап қалуға күш салып жатыр.

Тхаттаның 300 мыңнан аса тұрғыны су тасқынынан қорғанып, басқа жерлерге көше бастаған. Қаланың ресми өкілі AFP агенттігіне берген сұқбатында, тасқын су қаладан 2 шақырымдай жерде, ер-азаматтар жыралар жасап, судың көтерілуіне жол бермеу шараларын жасап жатыр деді.

Алайда Пәкістанның Синдх провинциясындағы тағы бір қаласына 1,5 метр су толып кеткен. Өткен ай бойы Пәкістанда су тасқыны апаты күшейіп, 17 миллиондай адамға салдарын тигізді.
XS
SM
MD
LG