Accessibility links

Қазақстан Конституция күніне арналған шаралар өткізіп жатыр


30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституция күні. Елдің ата заңының қабылданғанына биыл 15 жыл толып отыр. Осы күнге орай жексенбі күні Алматыда велоспорт жарысы өтті.

2007 жылдың 21 мамырында “Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы” заң күшіне енді. Ол Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа шексіз президент болып сайлануға құқық беретін заң болды.

Қазақстан оппозициясы ел Конституциясына енгізілген ол өзгерістер тек президенттің билігін нығайтуға бағытталған дейді. Қазақстан аумағында Конституция күніне арналған мерекелік шаралар өтіп жатыр. Астанада мерекеге арналып әскери шеру өткізу дәстүрге айналды.
XS
SM
MD
LG