Accessibility links

Ауғанстанның шығысында аудан басшысы бомбадан қаза тапты


Бүгін Ауғанстанның Нангарар провинциясындағы аудан басшысы бомба жарылысынан қаза тауып, тағы үш адам жараланды.

Ресми өкілдердің айтуынша, Сияд Мохаммад Палаванның Жалалабад қаласындағы орталық кеңсесіне кіре бергенде көлігіне қойылған бомба жарылған.

Бүлікшілер оның көлігіне жарылғыш зат қойғанда, ресмилер көбірек жиналған жерде жаруды көздеген болуы мүмкін. Бұл шабуылға жауапкершілікті талибандар алды. Палаван Пәкістанмен шекаралас Лал Пур ауданының басшысы болған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG