Accessibility links

Мұсылман елдері Пәкістанға 1 миллиард доллар беруге сөз берді


Ислам ұйымы конференциясында мұсылман елдер, ұйымдар мен жекелеген адамдар су тасқыны апатына тап болған Пәкістанға көмек ретінде 1 миллиард долларға жуық қаржы беретіндіктерін айтты.

57 мүшесі бар мұсылман елдер ұйымының басшысы Екмеледдин Ихсаноглудың сөзіне қарағанда, үкіметтік емес ұйымдар және Сауд Арабия, Түркия, Кувейт, Біріккен Араб Әмірліктері мен Қатар еліндегі институттар қаржылай қолдау танытуға уәде беріп отыр.

Бұл тұста Пәкістан премьер-министрі Юсуф Раза Гилани донорларды қаржысын Пәкістан үкіметіне берудің орнына елдегі шетелдік үкіметтік емес ұйымдарға беріп отыр деп сынады. Гилани ол ақшаның көбісі босқа кететін болды деп уайымдап отыр.

Пәкістанда қалың жауыннан көтерілген су тасқыны 17 миллион халыққа зардабын тигізді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG