Accessibility links

Германиялық банкир мигранттарды сынайтын кітап шығарды


Антисемитизм пікірлерімен танылған Германияның Орталық банкінің басқарма мүшесі Тило Саррацин дүйсенбі күні өзінің даулы кітабын жарыққа шығарды.

"Бундесбанк" банкінің басқарма мүшесі Саррацин Германияда тұратын Түркия мен Араб елдерінің мигранттар қауымдастығына қарсы араздық тудыратын пікірін білдіреді. Ол өз кітабында иммигранттарды Германияның барлық игілігін пайдаланып жатыр деп сынаған.

Ангела Меркель Саррациннің айтқандарын мүлде қабылдауға келмейді деп "Бундесбанкті" оны жұмыстан шығаруға шақырды.

65 жастағы банкир Социал демократиялық партияның ардагер мүшесі.
XS
SM
MD
LG