Accessibility links

Назарбаев Украинаға барады


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 14-15 қыркүйекте Украинаға барады. Қазақстанның Украинадағы елшісі Амангелді Жұмабаевтың айтуынша, осы сапар барысында сауда-экономикалық әріптестік жайы сөз болады.

Амангелді Жұмабаев Қазақстан мен Украинаның қазақ газын жеткізу жайлы келісімге қол қоюлары мүмкін екенін де айтты. Оның сөзінше, Қазақстан Украинаға өз газы мен мұнайын жеткізуге мүдделі.
XS
SM
MD
LG