Accessibility links

Ақмола облысы Ерейментау қаласының әкімі қаза тапты


Ақмола облысындағы Ерейментау қаласының әкімі, 39 жастағы Марат Абдулин қаза болды. Бұл ақпаратты Ерейментау аудандық әкімшілігіндегі Алма есімді хатшы қыз растады. Оның сөзінше, тамыздың 30-ы күні әкімнің денесі өз үйінің гаражында асулы тұрған жерінен табылған.

Ақмола облыстық полицияның хабарлауынша, кісі қолынан өлді дейтіндей дәлел табылмаған, сондықтан бұл іске қатысты қылмыстық іс қозғалмады. Алдын ала болжамдар бойынша, әкім отбасылық жанжалға байланысты өз-өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін.

Марат Абдулин үйленген, үш баласы бар. Ол шілденің 16-сынан бері демалыста болған екен.
XS
SM
MD
LG