Accessibility links

Қытай: Шіңгіл ауданында тұңғыш рет «Қара жорға» мерекесі өтті


Шыңжаңның Алтай аймағына қарасты Шіңгіл ауданында тұңғыш рет «Қара жорға» мерекесі аталып өтті деп хабарлайды ҚазАқпарат Қытайдың «Халық газеті» сайтына сілтеме жасап.

2009 жылдың 30 тамызында Шіңгілдегі әр ұлт халқынан құралған 13 мың 288 адам бір мезетте «Қара жорға» биін билеп, Гиннестің рекордтар кітабына енген болатын. Сонымен бірге бұл би Қытайдағы ең таңдаулы 12 туындының бірі болып бағаланған еді.

Дүйсенбі күні Шіңгіл халқы сол тойдың бір жылдығын еске алды. «Қара жорға» мерекесі аудан қалашығының халық алаңында өткізілді. Салтанатты тойда арнайы дайындалған 1000-нан астам биші «Қара жорға» биін биледі.
XS
SM
MD
LG