Accessibility links

АҚШ-тың Ирақтағы әскери операциялары аяқталады


Бүгін АҚШ Саддам Хуссейн режимін құлату үшін Ираққа бастаған әскери операцияларын жеті жарым жылдан кейін ресми түрде аяқтайды.

Президент Барак Обама сейсенбі күні кешкісін Ақ үйде Ирақтағы операциялардың тоқтайтынына орай, Американың осы елдегі алдағы рөліне және Ауғанстандағы талибандармен күреске байланысты жолдау жасайды.

АҚШ-тың Ирақтағы соғысы аяқталғанына қарамастан, бұл елде 50 мыңнан аса Америка әскері қалады. Олар ирақтық жасақтарды жаттықтырудан өткізіп, елді қалпына келтіру жұмыстарына көмектеседі.

АҚШ вице-президенті Джо Байден Ирақтағы әскери операцияларды ресми аяқтау үшін Бағдадқа барды.
XS
SM
MD
LG