Accessibility links

Нетаньяху: Палестинамен бейбіт келісімге қол жеткізуге болады


Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Израиль мен Палестина арасындағы ақырғы бейбіт келісімге қол жеткізуге болады деп сенетінін жеткізді. Ол бұл пікірін дүйсебі күні Тель-Авивте Ликуд партиясының мүшелеріне арнаған сөзінде айтты.

Бұл мәлімдеме Израиль жетекшілері Палестина елімен арада тікелей бейбіт келіссөздерді қайта бастау үшін Вашингтонға барар алдында айтылып отыр.

Нетаньяху мен Палестина жетекшісі Махмуд Аббас сәрсенбі күні АҚШ президентімен кездеседі. Қыркүйектің бірінде Израиль және Палестина басшыларының тікелей келіссөздері басталады деп жоспарланып отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG