Accessibility links

Амстердамда сөмкесінде күдікті заттар бар екі адам ұсталды


Ресми өкілдердің айтуынша, АҚШ әуежайында ұшаққа күдікті заттар алып өткен екі адам дүйсенбі күні Нидерландыға жеткенде қамауға алынды.

АҚШ-тың ақпарат агенттіктері жазғандай, олардың сөмкелерінде медициналық бөтелкеге байланған телефон, пышақтар мен екі сағат табылған. Чикаго әуежайы басында олардың заттарына тыйым салынбаған немесе қауіпті заттар ретінде қарамай, жолаушылардың одан әрі ұшуына жол берген.

Кейін олар осындай заттарды ұшаққа алып өту арқылы әуе қауіпсіздігіне сынақ жасап, алда террорлық шабуыл жасауы мүмкін деген күдікті күшейткен. Сол себепті Амстердам әуежайына келіп қонған екі адам АҚШ-тың сұрауымен қамауға алынды.

AzattyqTV

Оңтүстік Қазақстан

Тозығы жеткен Сайрам жолы

XS
SM
MD
LG