Accessibility links

Ауғанстанда тағы 4 АҚШ сарбазы мерт болды


НАТО әскерилерінің хабарлауынша, сейсенбі күні талибан бомбасынан АҚШ-тың 4 сарбазы қаза тапты. Сөйтіп жұма күннен бері құрбан болған америкалық сарбаздар саны 21-ге жетті.

Ауғанстандағы әскери шығындарды есепке алып жүрген франциялық AFP ақпарат агенттігінің дерегіне қарағанда, соңғы құрбандармен осы жылы Ауғанстанда мерт болған шетелдік әскерлер саны 484-ке жетті. 2009 жылы барлығы 521 шетелдік әскер қаза тапқан еді.
XS
SM
MD
LG