Accessibility links

Қырғызстан этникалық қақтығыс үшін өзбек жетекшілерге айып тақты


Бүгін Қырғыз билігі маусым айында елдің оңтүстігінде болған этникалық қақтығыс үшін этникалық өзбектерді кінәлап, оларға қарсы қылмыстық іс қозғады.

Қырғызстанның Бас прокуратурасы таратқан мәлімдемеде, өзбектің жікшіл жетекшілері мамырдағы толқулар кезінде этникалық өзбектер қауымдастығы ішіндегі жағдайды қоздырып, маусым айындағы оқиғаға әкелді делінген.

Айыпталып отырған этникалық өзбектер қатарында кәсіпкер Қадыржан Батыров, журналист Ұлықбек Абдусаламов және адам құқығын қорғаушы белсенді Азимхан Асқаров бар.
XS
SM
MD
LG