Accessibility links

Дүниежүзілік банк Пәкістанға 1 миллиард доллар береді


Дүниежүзілік банк су тасқынынан зардап шеккен Пәкістанға көмек ретінде 1 миллиарад доллар беру туралы шешім қабылдады.

Бұл туралы сәрсенбі күні Вашингтонда Дүниежүзілік банк президенті Роберт Зеллик пен Пәкістанның қаржы министрі Хафиз Шэйхпен кездесуден кейін хабарланды.

Пәкістан билігінің ақпаратынша, тасқыннан 17 миллиона адам зардап шеккен, 1600-ден аса адам көз жұмды. Табиғи апаттан келген зиян көлемі 43 миллиард долларды құрайды деп бағаланып отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG