Accessibility links

Қазақстанда 1 қыркүйекті демалыс күні ету туралы ұсыныс түсті


Бүгін мәжіліс депутаты Бақыт Сыздықова 1 қыркүйекті демалыс күні етіп белгілеу туралы ұсыныс айтты.

Бұл күн "отбасылық мереке" екендігін атап өткен депутат премьер-министр Кәрім Мәсімовтың атына жолдаған депутаттық сауалында "көпшілігі бұл күні балаларының жанында болуы үшін жұмыстан сұрануға мәжбүр, сондықтан көптеген ұйымдар толық жұмыс істей алмайды" дейді.

Депутат сондықтан "1 қыркүйек - білім күнін демалыс күні етіп жариялау азаматтарға да тиімді" екендігін айтады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG