Accessibility links

Тәжікстан: Душанбе абақтысынан қашқандардың бірі ұсталды


Бүгін Тәжікстанның арнайы қызмет орындары Душанбенің маңынан абақтыдан қашуды ұйымдастырғандардың бірі ұсталғанын хабарлады, дейді Азат Еуропа/Азаттық радиосының Тәжік редакциясы.

Ибрагим Насриддинов Вахдат қаласындағы арнайы шара барысында қолға түсті. Оның Америкадағы Гуантанамо түрмесінде қамауда болғаны белгілі. Басқа қашқындарды әлі іздестіріп жатыр. Ибрагим Насриддиновтің жақтастары Вахдат махаллаларының бірінде жүруі мүмкін деген мәліметтер де бар.

23 тамыз күні Душанбе абақтысындағы 25 бүлікші 5 күзетшіні өлтіріп қашып кеткен. Қашқындардың бәріне билікті күшпен өзгертпек болды деген айып тағылған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG