Accessibility links

Кристис Лондонда қазақ суретшілерінің көрмесін ұйымдастырады


Кристис аукциондық үйі осы аптада Лондонда қазақ суретшілерінің туындыларын көрмеге қояды. Ұйымдастырушылар Қазақстанның қазіргі суретшілерінің 75 шығармасын таңдап алыпты.

Таңдаудан өткен өнер туындыларының арасында Рысбек Ахметовтің дәстүрлі қазақ тұрмысының идиллиялық сәттерін бейнелейтін, қыштан жасалған үш мүсіні бар. Реалист-суретші Қанафия Телжановтың «Көкпар» деген суреті де көрмеге қойылады.

Көрмеде Қазақстандағы Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайы қорынан, жеке адамдардан алынған туындылар болады. Ұлыбританиядағы Кристис үйінің басшысы Дэвид Линлидің айтуынша, көрме жалпы жұрттың дарынды қазақ суретшілері өнерімен танысуына септеседі.
XS
SM
MD
LG